Ассалаумағалейкум! Сұрайын дегенім: Құптан намазының қазасын өтейтін кезде үтірін де өтеу керек пе? Ерболат.
|
Үтір намазының қазасы бар ма?
|
Уағалейкумсалам!
Құрметті Ерболат, Әбу Дәуідтің хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім ұйқтап қалып немесе ұмытып кетіп үтір намазын жіберіп алса, онда оны есіне түскен кезде оқып алсын»[1], - деп бұйырған. Осы хадиске қарай отырып ғалымдарымыз: «құптан намазының қазасын өтейтін кісі үтір намаздың да қазасын өтеуі тиіс» - деген тоқтамға келген[2].
[1] Әбу Дәуід: Китабус сала – бәбу тәфриъи әбуәбил уитри - №1431 хадис.
[2] Бадаиғ – 2/227 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?