Әссәләмуғалейкум! Әлдебіреу үтір намазында құныт дұғасын оқуды ұмытып рүкуға кетіп қалса, қайта қиямға оралып, дұғаны оқиды ма? Егер сол үшін қиямға қайтса және дұғаны оқыса, намазы бұзыла ма? Мұрат.
Үтірде құныт дұғасын оқымай рүкуға барған кісі не істейді?
|

Уағалейкум әссәләм, Мұрат! Үтірде құныт дұғасын оқуды ұмытып, фатиха мен қосымша сүреден кейін бірден рүкуға барған кісі құныт дұғасы үшін қайта қиямға оралмайды. Намазын ары қарай жалғастырып, соңында сәһу сәждесін орындайды. Ал, алда-жалда құныт дұғасын оқу үшін рүкуғдан қайта қиямға оралып жатса, намазы бұзылмайды дейді Ханафи ғалымдары. Бірақ сәһу сәждесін[1] орындауы шарт[2].
[1] Сәһу сәждесі жайында мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз: http://islam.kz/kk/questions/qulshylyq/namaz/sahu-sajdesi-qai-jagdailarda-jasalady-260/
[2] Әс-Сәрәхси – әл-Мәбсут , 1-том, 234-бет.; әл-Фәтәуә әз-Зәйния , «китабус сала», 41-бет.
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Дженнифер Лопестің концертіне билет алып, баруға дін не дейді?

■
Әзіреті Адам мен Хауа ана өмір сүрген пейіш жер бетінде орналасқан ба еді, әлде көкте ме?

■
Таң намазын қаза қылу жиілеп кетті. Не істемек керек?

■
Күйеуім кредит алып бер дейді, күнәсі кімге болады?

■
Мәйіттің тіс протезін бірге көмуге бола ма?