Ассәләмуғалейкум! Құптан намазында үтір уәжіпті оқып болғаннан кейн, құптан намазының парызын дұрыс орындалғанына күмән туса, құптан намазын қайта оқығанда үтірді де оқуы керек пе? Абу Ғазиоспан.
|
Үтірді оқып болғаннан кейін құптанның парызын қайта оқыса, үтірді де оқу керек пе?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сіздің жағдайда құптан намазының парызын қайта оқитын болсаңыз, сүннетін де қайта оқуыңыз керек. Ал, үтір намазын қайта оқымайсыз.
Осы мәселеге ұқсас Ханафи фиқһ кітаптарында мынадай мысал айтылады:
«Әлдекім құптанның парызын оқығаннан кейін дәретін жаңалап келіп, сүннет пен үтірді оқыса, бірақ артынан парызды дәретсіз оқығандығы анықталса, ол адам құптанның парызы мен сүннетін қайта оқиды. Үтірді емес. Өйткені, үтір уәжіп намазы Әбу Ханифаның ойынша, белгілі дәрежеде парыз іспетті (парыз амали саналады). Ал, Әбу Юсуф пен Мұхаммед бойынша, ол кезде ретіне сай үтірді де қайта оқуы тиіс»[1].
[1] Имам Мәрғинәни: «әл-Һидая», «әл-Биная» - 2/600 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?