Ассалаумағалейкум!Егер де бир адам узір иесі болса,жұма күнгі намазға кай уакытта дәрет алуы тиіс? Рустам
|
Үзір иесіне жұма намазы кірмей тұрып дәрет алуына бола ма, әлде дәл уақыт кіргенде алуы керек пе?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Имам Ағзам Әбу Ханифаның ережесі бойынша, үзір иесінің дәреті – намаз уақытының кіруімен бұзылмайды, намаз уақытының шығуымен бұзылады. Сондықтан да, үзір иесі күн шыққаннан кейін алған дәреті бесін намазының уақыты шыққанға дейін жарамды, егер басқалай дәрет бұзатын жағдайлар орын алмаса. Мысалы, үзір иесінің айт намазына, дұха намазына алған дәреті, егер өзге дәрет бұзатын жағдайлар туындамаса, бесінге де жарамды[1].
Сондықтан да, үзір иесіне жұма намазы кірмей тұрып, алдын ала дәрет алуына болады. Және ол дәреті, егер үзірінен өзге дәрет бұзатын жағдайлар орын алмаса, асыр намазы кіргенге дейін жарамды.
[1] Ибн Ғабидин: Раддуль Мұхтәр – 1/506 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?