Сәлеметсіздер ме! Он күн ораза ұстаймын деп ант берген болсам, яғни, «нәзір» оразасына ниет етсем, оны үзбей он күн ұстай шарт па, әлде бөліп-бөліп ұстауға бола ма? Қарлығаш.
|
«10 күн ораза ұстаймын» деп атаған болсам (нәзір еткен болсам), оны үзбей ұстау керек пе?
|
Сәлеметсіз бе!
Құрметті сауал қоюшы, егер он күн ораза ұстауды нәзір еткен кезде «үзбей 10 күн ораза ұстаймын» деп айтқан болсаңыз немесе іштей солай ниет еткен болсаңыз, атаған он күніңізді үзбей ұстау керек болады, арасы үзілген жағдайда қайта бастан ұстауыңыз ләзім. Ал, үзбей ұстау шарты тілге алынбаса және ниетіңізде де үзбей ұстау деген болмаса, атаған он күніңізді бөліп-бөліп ұстай бересіз[1].
[1] Ибн Ғабидин: «Раддуль Мұхтар». 3/422 бет. (Рияд. 2003 ж.); Ө.Н.Білмен: «Бүюк Ислам Илмихалі». 305 бет. (Анкара-Станбул).
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?