Ассаламуғалейкум! Бүгін ауыз бекітіп едім, жуынып жатып, шашалып су жұтылып кетті, енді оразаны жалғастырып, сосын қазасын өтеймін бе?
Ашура күнгі оразаны ұстап жүріп, абайсызда су жұтып қойдым. Осы күнді соңына дейін ұстау керек пе?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ашура күнгі ораза секілді нәпіл оразаны абайсызда бұзып алған адам, ол күнді соңына дейін ұстамай, аузын аша берсе болады. Бірақ осы күнгі оразаның бір күн қазасын өтеу керек болады. Өйткені, ұстап бастаған нәпіл оразасын бір жағдайлармен бұзған мұсылман бір күн қазасын өтеуі уәжіп болмақ.
Ашура күні ораза ұстау өте сауапты. Сахих Хадисте, ол күні ораза ұстау өткен жылғы күнәлардың кешірілетіндігін айтылған (яғни, кіші күнәлары). Ашура күні ораза ұстау – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Ашура күні нәпіл ораза ұстайтын. Мүмкіндігі бар кісілер Ашурадан бір күн алдын, не, бір күн кейін қосып ораза ұстағандары абзал. Әйтсе де, тек Ашура күні ғана ауыз бекітемін деушілерге де күнә жоқ, ерікті. Және де осы айтулы күні отбасына дастархан жайып, сый-сияпатта болған да мұстахаб, кей риуаятта олай еткен отағасының бір жыл бойы табысына береке кіретіндігі ымдалған ("Шуъабуль Иман", Бәйһәқи).
Алла Тағала жасаған құлшылықтарыңызды қабыл етсін!