Әссәләмуғалейкум! Ауыз ашар уақыты кірде деп, 2 минут бұрын ауыз ашқан кісі, уақыт кірмегенін кейіннен білсе, үкімі қалай болады? Медет Жақупбеков.
|
Ауыз ашар уақыты кірді екен деп, екі минут бұрын ауыз аштым. Оразам санала ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ауыз ашар уақыты - күн толығымен батып, ақшам намазының уақыты кіргеннен кейін басталады. Осыған орай, екі минут бұрын ауыз ашқан адам, күн толығымен батпай жатып ашқан болып отыр. Сондықтан да, Рамазан айынан кейін сол күннің қазасын өтеп алғаны дұрыс. Және де ондай нәрсе әдейі емес, қателіктен орын алғандықтан кәфарат өтеудің қажеті жоқ.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?