Әссаләму алейкум! Ғайбаттың күнә екендігі белгілі, егер оразада ғайбат айтса, оразасы бұзыла ма? Алик.
Ғайбаттау оразаны бұза ма?
|

Уағалейкумуссәәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Кейбір Ислам ғалымдары, Имам Әузағи сынды ғалым табиғиндер, Ибн Хазм сынды дін ғалымдары біршама риуаяттарға қарай отырып, ғайбат айтудың оразаны бұзатындығын көлденең тартқан. Алайда, олардың бұл пайымдары көпшілік дін ғалымдары тарапынан қолдау көрмеген. Тіпті Имам Ахмедтің: «Егер ғайбат оразаны бұзатын болса, ешқайсымыздың оразасы дұрыс болмайтын еді» дегені риуаяттарда келтіріледі. Сондықтан да, біреуді ғайбаттау оразаны бұзбайды, алайда оразаның сауабын азайтады, тіпті оразасы есептелгенімен, Алла Тағала тарапынан қабыл етілмеуі де ғажап емес. Сол себепті, ғайбаттан барынша сақтанған жөн. (Ғайбат - біреудің артынан кемсін тұсын айтып, жамандау).
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
А. Қасым, islam.kz