Жанган быр заттын түтінін жутып, немесе иіскеп койса, ораза бузыла ма екен? Сапар.
|
Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?
|
Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып иіскесеңіз немесе әдейі жұтсаңыз ораза бұзылады. Рамазаннан кейін сол күннің қазасын өтеуіңіз керек. Әйтсе де, бұл жағдайды әтірдің немесе гүлдің т.б. заттың иісін иіскеумен бірдей көрмеу керек. Әтірдің немесе гүлдің иісін иіскеу оразаны бұзбайды[1].
Осы орайда айта кету керек: темекі оразаны бұзатындықтан, ауызы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады.
[1] Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?