Ассалямуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух... Алла тағала ілімдеріңізді арттырсын... Осы дүйсенбі мен бейсенбі күндерінде ораза ұстаудың үкімі қандай? Шариғатта бұлар қандай күндер болып есептеледі? Толық айтып кетсеңіздер... Байжанақов Ахат Төлегенұлы
|
Неге пайғамбарымыз дүйсенбі мен бейсенбі күндері ауыз бекіткен?
|
Уағалейкум ассалам уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Аптаның дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстаудың үкімі – сүннет, яғни Мұхаммед пайғамбар ғалейһиссәләмның істеген іс әрекеті. Айша анамыздың айтуы бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстауға аса қатты мән берген[1]. Ал оның себебін Алла елшісінің мына бір хадис шәрифынан түсінуге болады:
Дүйсенбі мен бейсенбі күндері - істеген істер Аллаға ұсынылады. Менің істерім Аллаға көтерілерде аузымның берік болғанын ұнатамын»[2]
- дей келе, осы екі күннің артықшылығын ерекше атап, ол күндері нәпіл ораза ұстаудың маңызын түсіндіріп өткен. Алла Тағала ұстаған оразаларымызды қабыл етсін!
[1] Тирмизи, Саум – №745 хадис.
[2] Тирмизи, Саум – №747 хадис.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?