Ассалаумаалейкум! Ораза айында тісті емдетуге бола ма?
|
Оразада тісті емдетуге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Тісті емдеу барысында пломбаның орнын қазып дайындау үшін және тісжиегін құрту үшін арнайы медициналық аспаптар қолданылады. Бұл аспаптарды қолдану барысында ауызға жиі су шашылып отыратыны белгілі. Ауызға құйылған су еріксіз жұтылып кетіп жататын кездер болады. Кейде жұтылғанын емделушінің өзі сезбеуі де мүмкін. Сондықтан да, аса қатты мазаламайтын тістің емін Рамазан айынан кейінге қалдырған абзал. Ал, ауырып мазаңызды алып жатса, емдетуге рұқсат. Емдеу кезінде су немесе қан жұтылып, ораза бұзатын жағдай орын алған болса, Рамазан айынан кейін бір күн қазасын өтеп аласыз.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?