|
Оразаны үзбей тұту мақсатында хайыз келтірмейтін гормональды дәрі пайдалануға бола ма?
|
Хайызды тоқтату үшін кейбір жағдайларда арнайы медициналық препараттар қабылданып жатады. Осы жолмен хайызды тоқтатып, оразасын жалғастыра берсе, ұстаған оразасы есептеледі әрине. Өйткені хайыз кезінде ауыз бекітпеудің себебі – хайыз қанының келуі. Хайыз қаны келмегендіктен оразасын ұстайды.
Бірақ әлгіндей дәрілерді ішу деннің саулығына кері әсерін тигізуі әбден ықтимал. Ал дініміз денсаулыққа зиянды заттардан ұзақ жүруді бұйырады. Сондықтан ондай жолға жүгінбеуді кеңес етеміз. Шариғатымызда хайыз кезінде ұстамаған оразаны кейіннен қазасын өтеу мүмкіндігі қарастырылғандығын білгеніңіз жөн.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?