Ассаламуғалейкум! Әйел кісілер рамазан айында белгілі бір себептерге байланысты оразасын бұзатын жағдайлар болады. Сол қазаларды өтеу кезінде аузымды ашып қойсам, кәффаратын өтеуі керек пе, яғни екі ай үзбей ораза ұстай ма? Әсем.
|
Қаза оразаны бұзып қойсам да кәфәрат керек пе?
|
Уағалейкумуссалам! Әсем ханым, Алла Тағала алпыс күн ораза ұстау жазасын (кәфәрат) рамазан айындағы оразаны еш себепсіз, әдейі бұзған адамға сол айға деген құрметсіздігі үшін бекіткен[1].
Ал өзге айда ұсталған қандай да бір оразаны бұзған адамға кәффәрат өтеу қажет емес. Сондықтан, рамазанда ұстай алмаған қаза оразаңызды өтеп жатып бұзсаңыз, бұл жағдайда тек сол күнгі қаза оразаны қайта өтейсіз, оған кәфәрат керек емес.[2]
Ескере кету керек, бастаған қаза оразасын еш себепсіз бұза салу дұрыс емес.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?