Қаза оразаны өтеуге ниет қай уақытта жасалады?
|

Қаза оразалардың ниетін алдыңғы күннің ақшам уақытынан сәресі уақыты біткенге дейін (ертесі таң намазының уақыты кіргенге дейін) жасалуы шарт.
Ал, таң намазы кіріп қойғаннан кейін еш нәр татпаған адам, «бүгін қазамды өтей салайын» деген оймен қаза оразаға ниет етсе қарызын өтеген боп есептелмейді. Себебі, қаза оразалардың ниеті ақшам намазынан бастап, ертеңгі таң намазы уақыты кіргенге дейінгі уақыт аралығында жасалуы керек.
Нәпіл оразасына ертесі күні түске дейін (шамамен бесінге дейін 1-2 сағат бұрын) ниет етуге болады[1].
Өзекті сұрақтар
Көп оқылғандар

■
Әйелдің өз күйеуінің тегін (фамилиясын) алуы күпірлік дегенді оқыдым, ол қаншалықты рас?

■
Намаз бастау тәкбірінде «Аллаһу әкбар» дегеннің орнына, басқа сөз қолданса бола ма?

■
Мұсылман емес елдерде шарап сынды харам заттарды сатуға болады деген пәтуа бар ма?

■
Бір адамды өсектесе, одан кешірім сұрау керек пе?