Сәлеметсіз бе! Қарыз оразаны өтегенде жатар уақытта ауыз бекітіп жатуға бола ма?
|
Қаза оразасын ұстауға түннен ниет етіп жатса бола ма? Сәресіге тұра алмай қалса, сол ниеті жарай ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Сәлеметсіз бе!
Қарыз оразаның ниеті - күн батқаннан бастап, сәресі уақытқа дейінгі аралықта жасалу керек. Сондықтан да, егер түнде «ертең қаза ораза ұстаймын» деп ниет етіп жатқан болсаңыз, ертесі сәресіге ұйықтап қалған жағдайда, еш нәр татпай түнгі ниетпен сол күні қаза оразасын ұстап кете берсеңіз болады. Түнде ниет етіп жатқандағы ниетіңіз саналады. Бұған қатысты кейбір Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінген:
«Әлдекім (ертеңгі) оразаға ниет етіп ұйықтап, алайда таң атып кеткеннен кейін оянса, оның оразасы дұрыс...»1.
1Әбу Бәкір әл-Жассас: «Шарху Мұхтәсарит Тахауи». 2/410, - Китабус саум.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?