Әссәламу алейкум, ұстаз! Бүгін оразаға ниет етіп, будильник койып жатқанбыз. Будильникке тұрып, сәресі ішіп жатсақ, таң уақыты кіргеніне 18 минуттай болып қалған екен. Сол жерден сәресін тоқтаттық. Оразамызды ұстап кете береміз бе немесе қаза болды ма?
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ораза ұстайтындарыңызды біліп тұрсаңыздар, алайда «әлі уақыт бар екен» деп кешігіп қалсаңыздар, мұны қателікке балауға болады, сол күнгі оразаны соңына дейін ұстауларыңыз керек. Рамазаннан соң бір күн қазасын өтеп аласыздар, әдейі істелмегендіктен «кәффарат» керек емес.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Абдусамат Қасым