Қайырлы күн! Бір сиырды 7 адам бірігіп құрбан шалуға болады дейді! Сол жеті адамны екеуінің ниеті – ақиқа құрбаны, екеуінің ниеті – Пайғамбар атына және үшеуінің ниеті – нәпіл құрбан болып жатса, құрбандары жарамды ма? Алдын ала, Рахмет! Абай.
|
Ірі қараны бірігіп шалғысы келген 7 адамның бірі ақиқа құрбанына ниет етсе, ол жарамды ма?
|
Уағалейкумсалам! Түйе мен сиыр - жеті адамның құрбандығына жүреді. Бірақ ондағы шарт - жеті адамның жетеуінің де ниеті Аллаға жақындау, сауап алу мақсатында болуы тиіс. Сіз айтып отқандай, жетеудің біреуі ақиқа құрбанын союды немесе Пайғамбар атына құрбан шалуды т.б. Алла ризалығын алу, сауап алу ниетінде болып жатса, оның құрбанға еш зияны жоқ.
Алайда, араларында біреуінің ниеті – сауап алу емес, ет алу болса, Ханафи мәзхабында бәрінің құрбаны есептелмейді[1].
[1] Биная шархул хидая – 12/49 бет.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?