Әссәләму алейкум! Құрбан айт жақындап келе жатыр. Құрбанға сиыр сою ниетім бар, соған мархұм әкемді қоссам деп едіп, бірақ біреулер олай болмайды деп жатыр. Қаншалықты рас?
Құрбанға сиырды шаларда жетеудің бірі ретінде мархұмды қосуға болмайды дейтіндер бар. Қаншалықты дұрыс?
|

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Бисмилләһир рахманир рахим
Ханафи мәзхабы бойынша, ірі қара малды құрбандыққа шаларда, жетеудің бірі мархұмның атынан шалса, ол саналады. Оның еш әбестігі жоқ. Сауабы мархұмға тиеді. Бұл Хәнбәли мәзхабы бойынша да солай. Бұған қатысты, Ханафи ғалымы Имам Кәсәни (р.а.) былай деген:
«Егер ортақтастардың бірі (жетеудің бірі) қайтыс болған адамның атынан шалатын болса, болады... Өйткені, өлім – мәйіттің атынан құлшылыққа ниет етуге кедергі емес, себебі, оның атынан садақа беруге болады және қажылық жасауға болады»1.
Сондықтан да, ірі қараны құрбан шаларда жетеудің бірі ретінде қайтыс болған жақыныңыздың да есімін қоссаңыз, қате болмайды деуге негіз бар. Құрбандық саналады.
Аллаһу аъләм. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
1Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу», وَإِنْ كَانَ أَحَدُ الشُّرَكَاءِ مِمَّنْ يُضَحِّي عَنْ مَيِّتٍ جَازَ.