|
Құрбанға шалынған малдың терісін сатуға бола ма?
|
Құрбанға шалынған малдың терісін садақа етіп берген абзал. Өңдеп үй қажеттілігіне де қолданса болады. Себебі, етін жеуге рұқсат етілген малдың, терісін қолдануға да рұқсат болуы заңды. Оның үстіне Айша анамыз құрбанға шалынған малдың терісінен мүтара[1] (сиқа-سِقاء)жасап қолданатыны деректерде келген[2].
Бірақ, оны (құрбан терісін) ақшаға сату – мәкрүһ. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кім құрбанынын терісін сатса, шалған құрбаны жоққа есеп»,[3] – деп теріні сатпауды баса айтуда. Дегенмен, түскен ақшаны садақа ету мақсатында теріні сатуына болады[4].
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?