Ассаламу алайкум, ұстаз! Қалыңыз қалай? Жақсысыз ба? Сұрағым бар еді. Қарыз алған кезде қарыз алушы ақшаны қайда жұмсаса да өзі біледі ма? Яғни, жаман нәрсеге жұмсайтынын біліп тұрсам да қарыз беруіме бола ма? Азамат.
|
Арақ ішетін адамға қарызға ақша берсем күнә бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Егер, берген қарызыңызды жаман нәрсеге жұмсайтынын біліп тұрсаңыз, онда қарызға болса да ақша бермеген абзал. Өйткені, бұл да күнәға жәрдемдесу болмақ. Құранда: "Күнә мен дұшпандықта бір-бірлеріңе көмектеспеңдер" деген. ("Мәида" сүресі, 2 аят). Ал жаман нәрсеге жұмсайтынын білмесеңіз яки адал нәрсе алады деген ойыңыз басым болса, берсеңіз болады. Өйткені, мұқтаж адамға көмек беру үлкен сауап. Қарызға ақша беру де көмектің бір түрі. Құранның аталмыш аятының басында: "Ізгілік пен тақуалықта бір-бірлеріңе жәрдемдесіңдер" делінеді. Одан соң адал зат алады деген адамыңыз арам зат алып жатса да, күнәсі өзіне.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?