"Қазақ ырым етеді, ырымы кейде қырын кетеді"демекші, базарлардан күнделікті байқайтын көрініс жайлы сұрайын деп едім. Саудагерлерден киім-кешек не аяқ-киім алып болғаннан кейін, берген ақшаны: "Өтсін, өтсін", - деп бүкіл затқа ұрып шығады. Осыған шариғат не дейді? Бұны қарапайым логикаға салсақ: затының өтіуін Жаратушыдан емес, жаратылған заттан сұрауы ақылға сыйымсыз секілді. Әбдісамат Әбдіш
|
Саудагерлердің «ақша шақыру» ырымы шариғатта бар ма?
|
Құрметті Әбдісамат Әбдіш! Әлгіндей ұғым шариғатымызда жоқ. Саудасы берекелі болсын деген кісі, шама-шарқынша садақа берсін. Садақа берекені арттырады. Жаратушы Иеміз Құран Кәрімде: «Алла өсімді жояды, (берген) садақалардың берекесін арттырады»[1], - деген.
Тағы бір аятта: «Кім бір жақсылық жасайтын болса, дәл соның он есе қарымы беріледі...»[2], - делінеді.
«Енді ондай әрекет жасаған кісіні күнәһар деуге бола ма?» дейтін болсаңыз, саудагерлердің «жұғысты болсын» немесе «ақша шақырады» деген оймен, түскен ақшаны тауарларға ұрып шығуы қаншалықты күнә екені бір Аллаға мәлім. Бірақ қате ұғым, пайдасыз наным деуге негіз бар.
[1] Бақара – 275 аят.
[2] Әнғам – 160 аят.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?