Ассаләмуғалейкум! Мен намазханмын. Мен істеп жатқан компанияға жұмыс бабымен жұмсаған ақшаның шот-фактурасын, чегін әкелсең компания ақшаны қайтарып береді. Соған «шот-фактураға» артығымен жазғызып, артығын өзіме алсам бола ма? Рахмет.
|
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Олай істеу «біреудің дүниесін рұқсатсыз жеу» болып есептеледі. Ал Ислам дінінде біреудің дүниесін рұқсатсыз иемдену үлкен күнә. Құран Кәрімде Жаратушы Алла Тағала былай деп бұйырған:
وَلَا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُم بَيْنَكُم بِالْبَاطِلِ
«Бір-бірлеріңнің мал-дүниелеріңді нақақ жолмен жемеңдер!...»1.
Мұсылманның басқа бір аты «адалдық», «шыншылдық» болуы керек. Сондықтан да, факт бойынша жазғызып, өзіңізге тиесіліні ғана алғаныңыз мұсылманшылыққа сай болмақ.
1) Құран Кәрім: «Бақара» сүресі, 188 аят.
Көп оқылғандар
■
Дәрет бұзыла ма?
■
Дүниеден өткен діні бөтен танысың үшін дұға жасауға бола ма?
■
Бейсенбі, жұма күндері шаш алуға болмайды деген ырым бар екен. Қаншалықты рас?
■
Мәйіт жатқан бөлмеге адам жата берсе бола ма?
■
Зекеттің нисабына бір жыл толса, бірден беру керек пе, әлде кешіктіріп Рамазанда берсе бола ма?