Имам Ғазалидің жүрек күйлерін өзінің "Минһәжуль Ъарифин" кітабында синтаксистік ұғымдармен (иғрабпен) тұспалдап берген бұл ғибратты сөзін қазақшаға аударып беріп отырмыз. Имам Ғазали (Алла рахымына бөлесін) былай деп ой толғайды:
"Жүректің де грамматикалық септелуі (иғрабы) сияқты төрт түрлі күйі болады: көтерілу (рафғ-дамма), ашылу (фатха), төмендеу (хафд-кәсра) және кідіру (уақф-сукун).
-
Жүректің көтерілуі — Алла Тағаланы зікір етуде (еске алуда);
-
Жүректің ашылуы — Алла Тағаланың тағдырына риза болуда;
-
Жүректің төмендеуі — Алладан басқа нәрселермен әуреленуде;
-
Жүректің кідіріп, тоқырауы — Алланы және ақыретті уайымдамай, ғапылдықта (кәперсіздікте) болуда.
Жүректің биіктеп көтерілуінің үш белгісі бар:
-
Жаратушының бұйрығымен әрдайым үйлесімде (бойұсынуда) болу;
-
Нәпсіге қарсы келу және күнәдан арылу;
-
Жаратушыға деген сағыныштың үзілмеуі.
Жүректің ашылып, кеңуінің үш белгісі бар:
-
Аллаға толық тәуекел ету;
-
Шыншылдық пен адалдық;
-
Берік сенім (яқин).
Жүректің тозып, төмендеуінің үш белгісі бар:
-
Өзін-өзі ұнатып, өзін өзгеден жоғары санау (ужб);
-
Көзбояушылық пен мақтаншақтық (рия);
-
Дүниеге деген ашкөздік пен дүниеуи нәрселерге тым басыбайлы байлану.
Жүректің кідіріп, тоқырауының үш белгісі бар:
-
Ғибадат пен ғылымның және бойұсынудың тәттілігінен айырылу;
-
Күнә мен қателіктен ащы өкініш сезбеу;
- Адал мен арамның арасын ажырата алмай шатасу.
Имам Ғазали, рахимаһуллаһ: "Минһәжуль Ъарифин" кітабынан үзінді.