Ғарышқа ұшу туралы 8 қызықты дерек
Ғарышқа ұшу туралы 8 қызықты дерек
1 жыл бұрын 4598

Радиация, температура, вакуум – бұлар ғарышта адам тап болатын қауіптердің аз бөлігі ғана. Ғарыш аппараттары жаңа технологиялармен жабдықталған, бірақ олар 100 % қауіпсіздікті қамтамасыз ете ала ма?

Біз ғарышта ұшу мен зымырандар туралы ең қызықты деректерді іріктедік, оларды төменде оқи аласыздар (bilim-all.kz).

1) Жер шарының ғарышта болып көрген бірінші тіршілік иесі – «Лайка» есімді ит. Айтулы оқиға 1957 жылдың қарашасында болған, алайда, өкінішке қарай, ит зымыранда оттегінің жетіспеушілігінен өліп қалды.


 

2) Жерден ең қашық аймақта «Аполлон-13» ғарышкерлері болды – 400187 шақырым. Әйелдерден Кэтрин Салливан Жерден 531 шақырым қашықтықта болды. Ол 1990 жылы ғарышқа ұшқан болатын.


 

3) Валерий Рюмин – ғарышта ең көп уақыт болған ғарышкер. Ол кемеде 362 күн өмір сүріп, осы уақыт бойында ғаламшарды 5750 рет айналды. Оның ұшып өткен қашықтығы 241 миллион шақырым, бұл Марсқа ұшып барып, қайта ұшып келгенмен бірдей аралық.


 

4) Ең көп астронавт болып ғарышқа ұшу оқиғасы 1985 жылы тіркелді. «Челенджер» кемесінің бортында 8 адам болды, олардың бірі – әйел. 


 

5) «Жердің» 228 астронавтының арасында ең егде тартқаны Гордон Карл, ол 58 жасында 1985 жылы «Челенджер» бортында саяхатқа аттанған.


 

6) «Энергия» ғарыш жүйесі орбитаға 1987 жылдың мамырында Байқоңыр айлағынан ұшырылды. Оның жалпы салмағы 2400 тоннаны құрады. Зымыран салмағы 140 тонна болатын қажетті жүкті орбитаға шығара алады. Оның диаметрі 16 метр, биіктігі 59 метр. Жүйеге айтарлықтай өзгерістер енгізілді және енді ол алты жылдамдатқышпен қамтамасыз етілді, оның үстіне салмағы 180 тонна болатын жүкті орбитаға шығаруға мүмкіндік беретін жоғарғы сатымен де жабдықталды.


 

7) Орбитаға шығарылған ең жеңіл ғарыш аппараты – «Эксплорер-49» спутнигі, оның салмағы 200 келі, ал антеннасының ұзындығы 415 метрге дейін жеткен.  


8) Заманауи аппараттар секундына 4,5 шақырым жылдамдықпен қозғалады.

0 пікір