Күнделікті өмірдің бірсарындылығына байланысты, біз көбінесе некеге тұруды өзінен-өзі болып жататын қалыпты нәрсе ретінде қабылдаймыз. Алла Тағала осы бірсарынды тірлікті реттеуге және отбасылық өмірге жан бітіруге көмектесу үшін бізге Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірін үлгі қылды.
Төменде Құран мен Сүннетке негізделген, отбасылық өмірді жандандырып, некедегі бақытты сақтауға көмектесетін он түрлі тиімді және әсерлі кеңес ұсынамыз:
1. Жиі күлімдеңіз
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі және көп күлімдейтін. Сахабалардың айтуынша, олар Пайғамбардың күлімсіреуін өте көп көрген. Кейде біз қарапайым ғана бір күлкінің қаншалықты күшті әсер ететінін ескермейміз.
Ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы болса да шаршап, шалдығатын күндері болады. Сондықтан да, есіктен кіргенде шағым айтудың орнына, бір-біріңізді жылы жүзбен, күлімсіреп қарсы алсаңыздар, араға гүл бітеді. Сахих хадисте: «Мұсылман бауырыңа күлімдеп қарау — садақа» делінген (әт-Тирмизи, «Сүнән»).
2. Жағымды сөздер айтыңыздар
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
«Кім Аллаға және Қиямет күніне иман етсе — жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» (Бұхари, Мүслім).
Көп уақыт бірге өткізетіндіктен, жұбайлар бір-бірінің көңіліне тиетін сөз айтып, бір-бірлерін ренжітіп алулары оңай болады. Сондықтан, кемшілік іздеудің орнына, оның жақсы қасиеттерін айтып, мақтап отырыңыз. Күн сайын жұбайыңызға бір жақсы сөз айту — керемет әдет.
3. Ашуға берілмеңіз
Әли (р.а.) Фатимаға үйленгенде, Пайғамбарымыз оған өте маңызды кеңес айтты. Тіпті оны үш рет қайталап: «Ашуланба», — деді.
Алла елшісі оған «ашуыңды бақылауда ұста» демеді, «ашуланба» деді.
Біз кейде тіс пастасының қалай сығылғанынан бастап, ыдыс жууға дейінгі болмашы нәрселерге ашуланамыз.
Сол себепті, өзіңізді жайбарақаттыққа салып, күлімдеп, жақсы сөз айтуды үйреніңіз. Бұл — отбасылық өмірдің тыныштығын сақтаудың бірден бір кілті.
4. Бірге уақыт өткізіңіз
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерімен бірге уақыт өткізетін. Ол әйелдерімен бір үйде бөлек өмір сүрген жоқ. (Қайсысын үйіне барса да бірге уақыт өткізетін).
Олармен бірге серуендеп, әңгімелесіп, сапарға өзімен бірге алып жүретін, кеңес сұрайтын, ойнайтын.
Сіз соңғы рет жұбайыңызды қашан кешкі асқа шақырдыңыз? Немесе жай ғана бірге отырып кофе іштіңіз? Себебі, бірге жасаған істер ерлі-зайыптыларды жақындастырады.
5. «Мен сені жақсы көремін» деп айтыңыз
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көретіндігін айтудан ұялмаған. Біздің дініміздің негізінде де махаббат бар. Алла Тағала Құранда айтқандай:
«Сендер тыныштық табуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жараттық. Араларыңа сүйіспеншілік пен мейірім салдық…» («Рум» сүресі, 21-аят).
Көпшілігіміз жұбайымызға соңғы рет қашан махаббат сөзін айтқанымызды да білмейміз. Бұл Сүннетке қайшы. Сүйіспеншілігіңізді жарыңызға жиі білдіріңіз.
6. Жеке кеңістік беріңіз
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:
«Сүйгеніңді шамадан тыс сүйме… жек көргеніңді де шамадан тыс жек көрме…» (әт-Тирмизи).
Жарыңыз сіздің №1 адамыңыз болуы мүмкін, бірақ бұл сіз оның жалғыз араласатын адамы болуыңыз керек деген сөз емес. Оның басқа міндеттері бар. Оны шектемеңіз. Қолдау көрсетіңіз — сонда үйіңіз берекеге толады.
7. Бір-біріңізді қолдаңыз
Күйеуіңіз сіз ойлағандай көп табыс таппаса да немесе әйеліңіз анаңыздай дәмді тамақ пісірмесе де — олардың жасап жүрген еңбегіне шүкір етіңіз, қолпаштаңыз.
Оған ең жақын дос болыңыз. Үйге кіргенде сәлем беріңіз, сыртқа шыққанда Алладан оны қорғауды сұраңыз.
Әли (р.а.) Фатиманы өзіне жар қылып алуға сұрап келгенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:
«Ол саған бұйырады, егер сен оған ең жақсы жолдас болсаң».
8. Үйге фитнаны (бүлікті) жолатпаңыз
Қарапайым өмір — ең тыныш өмір. Үйіңізді, қарым-қатынасыңызды басқаларға жария етпеңіз. Бір мәселе туындаса — ең алдымен Алламен сөйлесіңіз (дұға етіңіз), сосын жұбайыңызбен ақылдасыңыз. Үйіңізге қызғаныш пен жаман ойдың келуіне жол бермеңіз.
9. Бірге армандаңыз және бірге дұға етіңіз
Мәселе — бай немесе мінсіз жұбай табуда емес. Мәселе — сізді жақсы көретін, бірақ Алланы бәрінен жоғары қоятын адамды табу. Сүннетті сүйетін, харамға бармайтын, дінін тастамайтын, сізге қамқор бола отырып, Алла алдындағы жауапкершілігін ұмытпайтын адам маңызды.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:
«Алла үшін бір-бірін жақсы көргендер Жәннатта жарқыраған жұлдыздай бөлмелерге ие болады…»
Ислам некені эмоциямен емес, ақылмен таңдауға үйретеді, жұбай таңдағанда эмоцияға емес, ақылға жүгінуге үйретеді.
10. Мейірімді болыңыз
Кей күндері шаршайсыз. Кейде ашуланып, тіпті ажырасам деп те айтып қоюыңыз мүмкін. Бірақ қателескенде Алладан кешірім сұрағандай, жарыңыздан (жұбайыңыздан) да кешірім сұрай білу керексіз.
Мейірім — бәрінен маңызды. Мейірбандық махаббаттан да маңыздырақ.
Махаббат — сезім, Ал мейірім — таңдау.
Хадисте айтылғандай:
«Мейірімділерге — Мейірімді Алла мейірім етеді. Жердегілерге мейірім етіңдер, сонда көктегілер сендерге мейірімдік қылады» (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, Ахмад).
About Islam материалдары негізінде (islam plus) орыс тілінде.