Ойшыл, сопы Мәуләнә Румидің «Қадір түні» жайында айтқан терең мағыналы сөздері
Ойшыл, сопы Мәуләнә Румидің «Қадір түні» жайында айтқан терең мағыналы сөздері
9 ай бұрын 3331 semazen.net/
Абдусамат Қасым

«Сенің денең – Қадір түні. Оның құрметіне қаншама мемлекеттер қол жеткізілген. Рухың (жаның) – толған ай. Оның (жарығының) салдарынан қараңғылықтар жарылып, (тарап) жоқ болған.

Хақ – Қадір түні. Адам оны (қадір түнін) барлық түнде сынасын деп (іздесін деп), түндер арасына (қадір түні) жасырылған.

Ей жігіт, түндердің бәрі – Қадір түні емес. Алайда, әр түннің қадір түн болып қалу ықтималдылығы да жоқ емес».

****

«Ей, бауырым! Бір түн ұйықтамасаң нең кетеді?

Шырақ сияқты ояу, ұшқын сияқты тірі болсаң қайтеді?

Көктің есіктері түнгі уақытта ашылады, бақыттар түнде оянады (яғни, бұл түні тағдыр жазылады).

Сен ай секілді ұйықтамағын, сонда сәттілік жұлдызың жарқырайды, көркем болады.

Сен көктерге тән адам болсаң, әрине ол әлемге деген сағынышыңның болары сөзсіз.

Бұл лас дүниеде көк жүзінен жырақ жүре алмассың.

Ұлы орындардан өзге кез-келген жерлерге жатып ұйықтай алмайсың ғой.

Түнде жүр. Жолдарға түнде шығады. Көздеген нысанаға түнде барады (яғни, түнде тұрып құлшылық жаса).

Егер сен, Ол теңдесіз падишахты қалаған болсаң, Оның жолын көксеп жолға шыққан болсаң, бұл жолы ұйықтама!

Жақсы адамдар Алла Тағаланың мейірімі мен махаббатының көлеңкесінде ұйықтайды.

Ей, бауырым, осыны ұғып ал да, әсте басқа жерде ұйықтама!».

 ****

«Жаның үшін бір түн болса да ұйықтама.

Өмірден бір түнді кемітіп сана да, тірі бол, ұйықтама.

Өзіңнің құмарлығың үшін мыңдаған түнді ұйқымен өткіздің.

Өтініш, бұл түнде Алла үшін ұйықтама.

Түнде ұйықтау (сипатынан) пәк болған Сүйіктің үшін ұйықтама (яғни, еш ұйықтамайтын, қалғып, мүлгімейтін сүйікті Алла Тағала үшін бұл түнді ұйықтамай өткіз).

Ұйықтамай, жүрегіңді (немесе ішкі жан дүниеңді) оған табыста.  

Ұлы Алла Тағаланың «Достар түнде ұйықтамайды» деген сөзінен ұялып, бір түн ұйықтама!...»

0 пікір