Алғашқы буын дін қайраткерлерінің бірінен мынадай бір әңгіме жеткен. Бұл әңгіме Имам Зәһәбидің «әл-Кәбәир» атты «үлкен күнәлар» қатысты жазған еңбегінде келтірілген. Онда намазына тым селқос қараған бір қыздың қабірдегі жағдайы баяндалады:
Бұрынғы замандағы бір мұсылман өзінің қайтыс болған қарындасын жер қойнауына тапсырып жатқанда, ішінде ақшасы бар қалташасы байқаусызда қабірге түсіп кетеді. Бұны ол кезде ешкім аңғармапты. Тек зираттан қайтып келген соң барып байқаған екен.
Содан соң ел аяғы басылғанда қабірге қайта барып, ақшасын іздеп алмақ болып, қабірді қазады. Қазған кезде ол қабірдің ішінен лаулап от шығып, қарындасының үстін жалын шарпып жатқанын көреді. Мұны көріп шошынған ол қабірді қайтадан топырақпен жауып, үйіне еңкілдеп жылап, оралады.
Анасына келіп:
«Анашым! Өтініш, маған қарындасымның өмірде немен айналысқанын, қандай амал жасағанын айтшы?» – деп сұрайды. Анасы таңырқап:
«Балам-ау, оны неге сұрадың?» – дейді. Сонда ол:
«Ана, мен оның қабірінің отқа оранып, лаулап жатқанын өз көзіммен көрдім» – дейді еңкілдеп.
Бұны естіген анасы көз жасына ерік беріп: «Әттеген ай, есіл, балам-ай! Қарындасың намазға салғырт қараушы еді, оны әрдайым уақытынан кешіктіріп оқитын еді...» – деп жылап жауап беріпті.
Ғибрат: Намазды уақытынан кешіктіріп, қазақ қылып оқитындардың жағдайы осындай азапты болса, ал мүлдем намаз оқымайтындардың жағдайы қалай болмақ? Намаздарымызды өз уақытында ұқыпты орындауға Алла Тағала өзі жәрдем бергей! Өйткені Ол – жомарт әрі кешірімді.1
1Имам Зәһәби: «әлКәбәир». Намаз.