Намазға салғырт қараудың 15 зардабы
Намазға салғырт қараудың 15 зардабы
10 сағат бұрын 231 islam.kz/
Имам Зәһәби (рахимаһуллаһ), "әл-Кәбәир".

Хадисте былай делінген: Кімде-кім фарз намаздарын мезгілінде ұқыпты оқып, әдетке айналдырса, Алла Тағала оған бес түрлі арнайы сый-құрмет көрсетеді:

  • Күн көрістің тарлығы мен таршылығын сылып алып тастайды.

  • Қабір азабынан құтқарады.

  • Амал дәптерін оң жағынан ұсынады.

  • Сират көпірінен жарқ еткен найзағайдай жылдам өтіп кетеді.

  • Жұмаққа ешбір есеп-қисапсыз кіреді.

Ал кімде-кім намазға салғырт қарап, оны елеусіз қалдырса, Алла Тағала оны он бес түрлі жазамен жазалайды: оның бесеуі – осы дүниеде, үшеуі – өлім аузында, үшеуі – қабірде, ал үшеуі – о дүниеде қабірден тіріліп шыққанда тартатын азабы.

Осы дүниеде тартылатын 5 жаза:

  • Өмірінен береке кетеді.

  • Жүзінен ізгілерге тән нұр мен сипат өшеді.

  • Жасаған ешбір қайырлы ісіне сауап берілмейді.

  • Тілеген дұға-тілегі көкке көтерілмейді (қабыл болмайды).

  • Жақсы да ізгі адамдардың дұғасынан оған несібе тимейді.

Өлім аузында келетін 3 жаза:

  • Қор болып, қорлықпен жан тапсырады.

  • Аш-жалаңаш, аштықпен өледі.

  • Қатты шөлдеп өледі; тіпті дүниенің бүкіл теңіз-көлін ішкізсе де, шөлі қанмайды.

Қабірде кезігетін 3 жаза:

  • Қабірі соншалықты тарылатыны сондай, қабырғалары бір-біріне айқасып кетеді.

  • Қабіріне от жағылып, түнде де, күндізде де шоқ үстінде аунаумен болады.

  • Қабірінде оған «аш-Шуджағ аль-Ақрағ» (таз жылан) деген зәрлі жылан жіберіледі. Оның көздері оттан, тырнақтары темірден, ал арбір тырнағының ұзындығы бір күндік жол сияқты. Ол өлікке күндей күркіреген үрейлі үнімен: «Маған Раббым сені Таң намазын күн шыққанша кешіктіріп, каза қылғаның үшін сені ұрамын. Бесін намазын Намазды Екінтіге дейін кешіктіріп, қаза қылғаның үшін,Екінті намазын Ақшамға дейін кешіктіріп, қаза қылғаның үшін, Ақшам намазын Құптанға дейін, ал Құптан намазын Таң атқанша қалдырғаның үшін ұруға бұйырды!» – деп, әрбір соққы бергенде, ол адам жерге сексен құлаш тереңдікке кіріп кетеді. Ол осылайша қиямет күніне дейін қабірде азаптала береді.

Мағшарда (қабірден шыққанда) болатын 3 жаза:

  • Есеп-қисабы өте ауыр өтеді.

  • Раббысының ашуы мен қаһарына ұшырайды.

  • Тозақ отына тасталады.

Бір риуаятта: Қиямет күні ол адам мағшар майданына маңдайына үш таңба басылып келеді:

  • 1-қатар: «Ей, Алланың хақысын зая кетіруші!»

  • 2-қатар: «Ей, Алланың ашуына арнайы ұшыраған байғұс!»

  • 3-қатар: «Дүниеде Алланың хақысын аяқасты еткеніңдей, бүгін Алланың рақымынан үмітіңді үз!» – деп жазылады.

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта: Қиямет күні бір адамды Алла Тағаланың алдына алып келіп, оны тозаққа алып өтуге бұйрық беріледі. Ол адам: «Уа, Раббым, не үшін?» – деп сұрағанда, Алла Тағала: «Намазыңды уақытынан кешіктіргенің үшін және Менің атыммен өтірік ант ішкенің үшін» – деп жауап береді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірде сахабаларына: «Иә, Аллам! Арамыздан ешбір сорлы әрі құр алақан қалған бейшараны қалдыра көрме!» – деп дұға етеді. Сонда сахабалары: «Уа, Алланың Елшісі! Сорлы әрі рақымнан құралақан қалған кім?» – деп сұрағанда, Ол: «Намазды тәрк етуші (оқымайтын) адам» – деп жауап берген.

Тағы бір риуаятта: Қиямет күні ең бірінші болып намаз оқымайтындардың жүздері қараяды. Жәһаннамда «Аль-Мальхам» деп аталатын алқап бар. Онда мойны түйенің мойнындай жуан, ұзындығы бір айлық жол болатын зәрлі жыландар болады. Олар намаз оқымаған адамды шаққанда, уы оның денесінде жетпіс жыл бойы қайнап, етін сүйегінен ажыратып, сылып түсіреді.

Имам Зәһәби: "әл-Кәбәир" (Үлкен күнәлар). 

 


 

0 пікір