Қыздың әкесі немесе қамқоршысы өз қызына жұбайын таңдарда аса мұқият болуы тиіс. Шаңырақ көтеруге лайық деп тек иманды, мінезі көркем, ел көзінде абыройлы, жүзінен нұр төгілген, әдепті жігіттерді ғана таңдауы керек. Мұндай азамат қызыңмен тату тұрса – сыйласып өтеді, ал егер ажырасуға тура келсе де – жақсылықпен, сый-құрметпен ажырайды.
Имам Ғазали «Ихия» атты еңбегінде былай дейді:
«Қыз бала үшін сақтық таныту – әлдеқаймаңыздырақ. Өйткені ол – неке қиылған соң отбасының тұтқыны іспетті, өз бетінше бәрін тастап шығып кете алмайды. Ал күйеу жігіт кез келген уақытта талақ етуге (ажырасуға) толық құқылы», – дейді.
Кім де кім өз қызын залымға, бұзыққа, дін жолынан жаңылысқан адасқанға немесе ішімдікке салынған масқа жар етіп берсе, ол өз дініне қиянат жасағаны. Туыстық қатынасқа сызат түсіріп, дұрыс таңдау жасай алмағаны үшін Алланың қаһарына ұшырайды.
Бір кісі хазірет Әлидің ұлы Хасанға (оларға Алла разы болсын):
-
«Менің бойжеткен қызым бар, оны кімге тұрмысқа берсем дұрыс болады?»* – деп кеңес сұрайды. Сонда ол:
«Алладан қорқатын, тақуа жігітке бер. Егер қызыңды жақсы көрсе – басына көтеріп сыйлайды, ал егер жақсы көрмесе – зұлымдық жасамайды», – деп жауап беріпті.
Момындардың анасы Айша (оған Алла разы болсын):
«Неке – қыздың еркін шектеп, еріне бағынышты қылады. Сондықтан да, әркім өз қыз баласын қай босағаға қондырып, кімге аманат етіп жатқанына терең үңілсін», – дейді.
Хадисші Ибн Хиббән өзінің «Әлсіз хадистер» атты жинағында Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мынадай риуаят жеткізеді:
«Кім өз қызын пасық адамға тұрмысқа берсе, ол туыстық байланысты үзгенмен бірдей», – деген.
(Ибн Хиббан «әз-Зуафада» Әнәстен риуаят еткен, сондай-ақ Шағбидің сөзі ретінде сенімді тізбекпен «әс-Сиқатта» да келтірген)1.
1Сәид Сәбиқ: «Фиқһус Сүннә».