Имам Ғазали. Шүкір жайында
Имам Ғазали. Шүкір жайында
6 сағат бұрын 127
islam.kz

Пенденің алған әрбір демінде Алланың жаңарып тұратын нығметі бар, сондықтан ол сол нығметтің шүкірін өтеуге міндетті. Шүкірдің ең төменгі сатысы — әр нығметті Алла Тағаладан деп білу, бергеніне разы болу және сол нығметтерді Аллаға қарсы келетін істерге жұмсамау.

Ал шүкірдің кемелі — жан дүниенің ішкі тілімен: «Бүкіл жаратылыс барын салып, бүкіл күш-жігерін жұмсаса да, Алланың ең кішкентай бір нығметінің өзіне толық шүкір етуге дәрменсіз», — деп мойындау. Себебі шүкір етуге мүмкіндік берілудің өзі — жаңадан келген нығмет, оған да бөлек шүкір керек. Осылайша, әрбір шүкірдің артынан тағы бір шүкір туындап, ол шексіздікке ұласа береді.

Егер Алла Тағала пендені өз қамқорлығына алса, шүкірдің ауыр жүгін Өзі көтереді, пенденің аз ғана шүкіріне разы болады және оның шамасы жетпейтін ауыртпалықты жүктемейді. Құранда: «...Раббыңның сыйы (нығметі) ешқашан шектелмеген» — делінеді («Исра» сүресі, 20-аят)


Имам Ғазали: "Минһәжуль Ъарифин".  

0 пікір