"Көршім әрдайым зиян тигізеді" деген адамға сахаба Абдулла ибн Мәсғұттың айтқаны
"Көршім әрдайым зиян тигізеді" деген адамға сахаба Абдулла ибн Мәсғұттың айтқаны
3 жыл бұрын 4828
Нұғман Тұрғын

"Үй іздегеннен бұрын, көршіңді ізде" деген араб мақалы бар. Сондықтан, ең алдымен көршің жақсы болсын. Көршің жаман болса, сол қиын. Дегенмен, көршіңіз қанша жаман болса да, көрші ақысын аттауға болмайды дінімізде. Қазақта "көрші ақысы - тәңір ақысы" деп осы негізге сүйеніп айтылған.

Көршіңіз жаман боп шықса, не істемек керек? Бұл сұраққа мына төмендегі риуаят жауап болар: 

Күндердің бірінде, бір мұсылман адам сахаба Абдулла ибн Мəсғудқа келіп:

- Менің көршім бар. Маған əрдайым зиян шектіреді. Маған тіл тигізеді. Маған қысым жасайды" - деп шағымданады.

Сонда ардақты сахаба оған:

- Барғын! Расында, көршің саған залалын тигізу арқылы Құдай Тағалаға қарсы келуде. Бірақ сен, керісінше, оған жақсылық жасау арқылы Аллаға бой ұсынған бол" - деп ақылын айтқан екен абыз сахаба. Алла одан разы болсын! 

 

0 пікір