Мұңайма, өмір онсыз да қысқа! (Мотивация)
Мұңайма, өмір онсыз да қысқа! (Мотивация)
4 ай бұрын 3362 islam.kz/
Аяз Қарани

Дейл Карнеги мынадай бір оқиға әңгімелейді. Бір кісінің ішегінде жара пайда болып, асқынып кетіпті, оның жағдайы соншалықты ауыр болғандықтан, дәрігерлер оның өлетін уақытын айтып, кебінін дайындауға кеңес береді.

Сонда әлгі науқас — есімі Хани — күтпеген бір шешім қабылдайды. Ол өз-өзіне былай дейді:
"Егер бұл өмірде маған аз ғана уақыт қалса, неге сол уақытты барынша рахаттанып өткізіп көрмеске? Мен баяғыдан бері дүниені аралап шыққым келетін. Міне, сол арманымды орындауға дәл қазір уақыты келді."

Сөйтіп ол жолға билет сатып алады. Дәрігерлер шошып кетіп:
- "Біз сізге ескертеміз! Бұл сапарға шықсаңыз, теңіздің түбінде жерленесіз!" — дейді.

Бірақ Хани оларға:
"Жоқ, бұл болмайды. Мен туған-туыстарыма уәде бердім — менің сүйегім тек әулет қорымына жерленеді," — деп жауап береді.

Ол кеме сапарына шығып, Хайямидың мына өлең жолдарын оқиды:

Кел, адамдарға бір хикая айтып берейік,
Өмірді тәтті әңгіме
лермен өткізейік.

Ұйқы ұзартпайды өмірді, ал көп ұйқтамау,
Сергектік теқысқартпайды ғұмырды.

Хани жолын шат-шадыман көңілмен бастайды. Әйеліне хат жазып:
"Кемеде отырып, небір тәтті тағамдар мен сусындардан дәм таттым. Өлеңдер оқыдым, тыйым салынған майлы асты да жедім. Өмірімде мұндай рақат пен қызыққа бұрын-соңды бөленген емеспін," — деп жазады.

Сосын не болды дейсіз ғой?..

Карнегидің айтуынша, әлгі кісі ауруынан айығып кеткен және Оның ұстанған өмір салты — сырқатты жеңудің және ауруды басудың керемет тиімді әдіс болған.

Мен, әрине, Хайямидың өлең жолдарымен келіспеймін, өйткені онда Жаратқанның көрсеткен жолынан ауытқу бар. Бірақ бұл оқиғадан алатын түйін мынау: шаттық, қуаныш және жан тыныштығы кейде дәрі-дәрмектен әлдеқайда артық болуы мүмкін1.


1Аяз Қарани: «Лә тәхзән!» атты кітабынан. Қазақшалаған islam.kz 

0 пікір