Шынайы мұсылман сезінетін 6 қорқыныш
Шынайы мұсылман сезінетін 6 қорқыныш
5 жыл бұрын 5251

1. Әзірейіл періштенің кез-келген уақытта жан алуға келетінін біліп, қорқу. 

«Дәм тұзың таусылып, ажалың жеткенше Раббыңа құлшылық ет!» («Хижр» сүресі, 99-аят).

2. Иманды жоғалтып алудан қорқу.

«Уа, Раббымыз! Бізді тура жолға салғаннан кейін жүректерімізді ауытқыта көрме!» («Әли-Имран» сүресі, 8-аят).

3. Бұл дүниенің қызығына беріліп, ақыретте Алланың мейірімінен құр қалудан қорқу.

«...(Біліп қойыңдар), бұл дүниенің тіршілігі алдамшы қызықтан, жалған бұйым-боқшадан басқа түк те емес» («Әли-Имран» сүресі, 185-аят).

4. Періштелердің әрбір іс-әрекет, сөзімізді жазып отырғандарынан қорқу.

5. Шайтанның азғыруынан қорқу.

«Ібіліс: «Уа, Раббым! Ендеше, мені азғырып, адастырғаның (сынап сүріндіргенің) үшін (ант етемін), олар үшін жер бетіндегі (қу дүние мен күнә атаулыны) көздің жауын алатындай етіп безендіріп қоямын, сөйтіп олардың барлығын азғырып, тура жолдан тайдырамын».

«Алайда ықыласты етілген құлдарыңның жөні басқа (мен оларды тура жолдан тайдыра алмаймын)» - деді» («Хижр» сүресі, 39,40-аяттар).

6. Бұл дүниенің тіршіліктерімен (әйел, бала-шаға, дүние деп) жүріп Алланы жиі еске алуға уақыт бөле алмай қалудан қорқу.

0 пікір