Доктор Жаклин Эль-Сайед (JACQUELINE EL-SAYED) — Мэригроув колледжіндегі оқу ісі жөніндегі вице-президент және машина жасау колледжінде профессор.
АҚШ саясатында жаңадан сенатор лауазымына тағайындалған белгілі тұлға, эпидемиолог әрі қоғам қайраткері Абдул Эль-Сайедтің өмір жолы көпшілікке қызық. Кез келген табысты тұлғаның артында өзіндік тағдыры мен өнегелі тәрбиесі бар отбасы тұратыны анық. Абдул Эль-Сайед үш жасына толғанда туған анасы Фаттен Эль-Коми мен әкесі Мохаммед эль-Сайед ажырасып кетеді. Осылайша кішкене Абдул Эль-Сайед өгей анасы Жаклин Джонсонның тәрбиесінде өсіп жетіледі. Абдулдың қоғамда өз орнын тауып, биік жетістіктерге жетуінде оның өгей анасы Жаклин Эль-Сайедтің (қыз күніндегі тегі — Джонсон) атқарған рөлі ерекше.

www.sae.org
Жаклин Джонсон Христиан отбасында өсіп-өнген. Оның ата-анасы пресвитериан шіркеуінің белсенді приходшылары болған, ал атасы тіпті онда диакон болып қызмет атқарған. Дегенмен, Абдулдың әкесіне (машина жасау профессоры әрі мұсылман имамы) тұрмысқа шыққан соң, Жаклин исламды қабылдап, ол да мұсылман болды. Ол сыйластыққа негізделген дінаралық қарым-қатынасты қолдайды және өзінің христиан туыстарымен тығыз байланысын сақтап келеді. Эль-Сайедтің білім қуып, үлкен адам болуында осы өгей анасы Жаклиннің рөлі үлкен болады.
www.muslimsforamericanprogress.org
Доктор Жаклин Эль-Сайед — тек ана ғана емес, американдық инженерия мен білім беру саласында үлкен беделге ие, табанды ғалым. Оның еңбек жолы 18 жасында «General Motors» компаниясының жүк көліктері шығарылатын зауытында қарапайым студент-практикант болып басталып, кейіннен авиакосмикалық және механикалық инженерия саласында докторлық дәрежесін қорғаған. Жаклин ғылыми-академиялық ортада үлкен биіктерді бағындырды:
-
Мэригроув колледжінде профессор және вице-президент қызметтерін атқарды;
-
Америкалық инженерлік білім беру қоғамында (ASEE) атқарушы директор болып жұмыс істеді;
-
АҚШ-тың инженерия, авиакосмикалық сала мен жоғары білім берудегі беделді сарапшылардың бірі болып табылады.
Бүгінде доктор Жаклин Эль-Сайед беделді SAE International (Автомобиль инженерлері қоғамы) халықаралық ұйымының бас директоры (CEO) лауазымын атқарады.

www.linkedin.com
Жаклиннің өз кәсіби жолында көрсеткен еңбекқорлығы, ғылымға адалдығы мен рухани парасаты жас Абдул үшін үлкен үлгі-өнеге болды. Үйдегі академиялық талап пен ата-анасының қолдауының арқасында Абдул мектеп пен университетте үздік оқып, Оксфорд университетінде «Родс стипендиаты» ретінде білім алды, содан кейін Колумбия университетінде медицина ғылымдарының докторы (MD) атанып, эпидемиология саласында зор табысқа жетті.
Бүгінде АҚШ Сенаты болып сайланған алғашқы мұсылман Абдул Эль-Сайедтің жетістігі — оның биологиялық анасының берген өмірлік негізімен қатар, оны өсіріп, білімге баулыған, өзінің ғылыми әрі адами парасатымен жол көрсеткен анасы Жаклин Эль-Сайедтің (Джонсон) ерен еңбегінің нәтижесі делінеді. Жаклин Эль-Сайед — өз ісіне адал ғалымның, батыл топ-менеджердің және өгей баласын өз қанындай көріп, оны ел ағасы дәрежесіне жеткізген ұлағатты ананың жарқын үлгісі.
Ақпарат ашық интернет рессурстарынан алынды. Әзірлеген islam.kz