Намаз, азан сияқты ғибадаттар неге тек қана араб тілінде орындалады? Әр ұлт өз тілінде орындаса болмай ма?
Намаз, азан сияқты ғибадаттар неге тек қана араб тілінде орындалады? Әр ұлт өз тілінде орындаса болмай ма?
9 жыл бұрын 13406
Қайрат Жолдыбайұлы

На­маз­да мұ­сыл­ман­дар­дың Құ­ран Кә­рім­нен сү­ре­лер оқу­ға мін­дет­ті­лі­гі бә­рі­міз­ге бел­гі­лі. Мұ­сыл­ман­дар­дың өз тіл­де­рі­не, жер­гі­лік­ті же­рі­не қа­ра­мас­тан со­нау Мұ­хам­мед (с.а.у.) пай­ғам­бар за­ма­ны­нан бұл­жы­май, заң­дас­қан бұл қа­ғи­да ке­ле­шек­те де дәл осы­лай жал­ға­са бе­ре ме?

Ең ал­ға­шын­да кез-кел­ген адам үшін ана ті­лін­де құл­шы­лы­ғын орын­дау – әрі же­ңіл, әрі орын­ды кө­рі­не­рі рас. Алайда, мә­се­ле­ні ег­жей-тег­жейлі қа­рас­ты­рар бол­сақ, кең кө­лем­ді тү­сі­нік­ке қол жет­кі­зе­рі­міз анық.

Ең ал­ды­мен ті­лек-дұ­ға мен на­маз­дың ара жі­гін ажы­ра­тып ал­ған жөн. На­маз­дан тыс жа­са­ла­тын ті­лек­тер мен дұ­ға­лар­да мұ­сыл­ман кі­сі­ге іш­кі ті­ле­гі мен мұң-мұқ­та­жын қай тіл­де ай­тып жет­кі­зем де­се де, бұ­ған тыйым са­лын­ба­ған.

Өйткені, бұл Жа­ра­ту­шы мен құл ара­сын­да­ғы же­ке мә­се­ле­ге қа­тыс­ты. Ал на­маз бол­са, ол жал­пы­ға, жа­ма­ғат­қа тән құл­шы­лық бол­ған­дық­тан, на­маз­ға қо­сы­ла­тын бас­қа да мұ­сыл­ман­дар­дың қа­жет ті­лек­те­рі­мен са­на­су ке­рек. Не­гі­зі­нен на­маз жа­ма­ғат­пен оқы­лу­ға тиіс. Бі­рақ жал­ғыз оқу­ға да рұқ­сат етіл­ген.

Егер Ис­лам ді­ні қан­дай да бір бел­гі­лі ай­мақ­тың яки бел­гі­лі бір ұлт­тың ді­ні бол­са, он­да еш­қан­дай кү­мән­сіз сол ай­мақ­та­ғы сол ұлт­тың ға­на ті­лі қол­да­ны­лар еді. Алайда, төр­ткүл дү­ниеге та­ра­ған, бір-бі­рін тү­сін­бей­тін қан­ша­ма ұлт өкіл­де­рі­не ор­тақ дін­нің өзін­дік ерек­ше­лік­те­рі мен қа­сиет­те­рі болатыны сөзсіз.

Айта­лық, қы­тайша біл­мей­тін қа­зақ Қы­тайға бар­са, кө­ше­ден шық­қан қы­тай тіліндегі  дауыс­тарды ес­ті­се де оны тү­сі­не ал­майды.  Жергілікті тілде оқылған азанды да түсінбегендігінен, әлгі мүмін-қазақ на­ма­зын қа­за­ға ұшы­ра­тып алуы мүм­кін. (Қы­тайда­ғы ме­шіт­тер мұ­на­ра­ла­ры­мен ерек­ше­лен­бейді). Сон­дай-ақ, Қа­зақ­станға кел­ген бас­қа ұлт­тар да мұ­сыл­ман­дар­дың өз ті­лін­де орын­дап жат­қан ғи­ба­дат­та­ры­нан еш­те­ңе ұқ­па­сы анық. Олай бол­са, мұн­дай жал­пы әлем­дік дін­нің өзін­дік ор­тақ жақ­та­ры, ортақ тұс­та­ры бо­луы заң­ды. Бұл тұс­та азан мен қы­ра­ғат­тың ор­ны ерек­ше еке­ні кім­ге де бол­са мә­лім.

Бұн­дай жайт­тар­ды күн­де­лік­ті өмір­де де кез­дес­ті­ру­ге бо­ла­ды. Айта­лық, Бі­рік­кен Ұлт­тар Ұйы­мын­да да әр­бір мү­ше мем­ле­кет өза­ра бел­гі­лен­ген ор­тақ тіл­де ға­на сөйле­се­ді. Он­дайда әр­бір мем­ле­кет­тің же­ке бас пайда­сы көз­дел­мейді.

Мә­се­ле­нің та­ғы бір жа­ғы, Құранның қан­дай да бір ау­дар­масы­ның еш­қа­шан­да түп­нұс­қа­ны то­лық қам­ти ал­май­тын­ды­ғын­да.[1] Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі. Тіпті кейде аятта қолданылған әрбір әріптің де өзіндік бірнеше мағынасы болады. Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яки біреуі ғана ескеріледі. Құранда белгілі бір мағынаны білдіретін бірнеше синоним сөздердің ішінен сөздің дыбысталу жағынан да, мағынаны қамту жағынан да ең қолайлысы таңдалған. Сондықтан, кейбір сөздің «сөздік мағынасынан» тыс дыбысталуының өзі баяндалайын деп тұрған жағдайды білдіріп жатады. Ал мұны аудармада беру мүлдем мүмкін емес.

Ең бастысы, Құран сөздері оқыған адамды еш уақытта жалықтырмайды. Ал кез келген  аударманы бірнеше рет оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал Құран сүрелерін оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады. Өйткені, Алла Тағала Құран сөздеріне осындай ерекшелік берген. Міне, сондықтан «Фатиха» сүресін күнделікті әр намазымыздың барлық рәкаттарында оқысақ та жалықпаймыз. Бұған қоса, Құранның өзіне ғана тән әуені мен әуезі оқыған адамның ішкі дүниесіне ерекше әсер етуі тағы бар. 

Оқылған Құранның әрбір сөзіне, тіпті әрбір әрпіне сауап жазылатындығы көптеген хадистерде білдірілген. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде-кім Алланың кітабынан (Құраннан) бір әріп оқитын болса, оған бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылық он еселенеді. Мен Әлиф, Ләм, Мимді (бәрін қосып) бір әріп демеймін, Әлиф – жеке бір әріп, Ләм – жеке бір әріп, Мим – жеке бір әріп. (әрқайсысына жеке-жеке сауап жазылады)»[2]-деген.

Ал кез-келген аударма Құранның дәл өзі болмағандықтан, оның әрбір әрпіне сауап жазылу ерекшелігі де жоғалады.

Та­ғы бір ба­са айта ке­те­тін жайт, ол – на­маз­да қол­да­ны­ла­тын сөз­дер­дің көп емес, аз екен­ді­гі. Ал­ды­мен азан мен қа­мат, ар­тын­ша «Аллаһу әк­бар», «Суб­ха­на­ка раб­биял-а'зим», «Суб­ха­на раб­биял-а'ләә» се­кіл­ді қыс­қа қайы­рым­дар­мен қо­са «Фа­ти­ха» сү­ре­сі мен бір-екі қо­сым­ша ша­ғын сү­ре­лер. Бар­лы­ғын қос­са бір бет­тен де ас­пайды. Бұ­лар­да­ғы сөз­дер­дің кө­бі ма­ғы­на­ла­ры оңай жат­та­ла­тын, мұ­сыл­ман­дар­дың кө­бі­не ор­тақ қол­да­на­тын сөз­дері. На­маз­ға жа­ңа жы­ғыл­ған жас ба­ла да бұ­лар­дың ма­ғы­на­ла­рын бір үйре­ніп ал­са өмі­рі ұмыт­па­сы анық.

Бұл дү­ние­лік бол­ма­шы тір­лік­тер үшін үл­кен-үл­кен сөз­дік­тер жат­тап, шет ті­лін үйре­не­тін­дер мәң­гі­лік ғұмыр үшін Алла Та­ға­ла­ның сөз­де­рі­нен бір бет­ті жат­тай ал­ма­са, он­да: «Ғи­ба­дат-құл­шы­лық­та­ры­мыз­ға Алла Та­ға­ла емес, ке­рі­сін­ше біз зә­ру­міз» де­ген шү­бә­сіз шын­дық­ты әр­кез ес­те ұс­та­ған аб­зал.[3]

[1] Мустафа Зарқа, Фәтәәуа, 106-бет. «Дарул-қалам» баспасы, Димашқ. 2001 ж.

[2] Әт-Тирмизи

[3] М.Ха­ми­дул­лаһ. Құ­ран Кә­рім та­ри­хы.

1 пікір