Мұрат Мөңкеұлы: Мен қауіп еткеннен айтамын
Мұрат Мөңкеұлы: Мен қауіп еткеннен айтамын
10 жыл бұрын 12593

Бұл не деген ғаламат,
Қазынасы кең Құдайым,
Сақтағайсың саламат!
Саламат қайтіп сақтасын:
Берсең, түгел келмейді,
Базарға қосқан аманат.
Болмаса едік масқара,
Байдан кетіп сақауат,
Пақырдан кетіп қанағат.
Діні басқа біреулер
Ел биледі аралап.
Бір пәледен мың пәле
Өсіп кетті балалап.
Замана қайтіп түзелсін:
Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды,
Көрген жұртқа таң болды.
Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ,
Топ көрерге зар болды.
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша
Қатарға шығып нар болды.
Асылзада баласы,
Дәулеті кетіп қолынан,
Қоңсысына құл болды.
Асылсыздың баласы,
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды.
Замананың адамы,
Заманың мұндай сұм болды!
Мен қауіп еткеннен айтамын:
Ақ борықтай иілген,
Кейінгі туған баланың,
Ұстай ма деп білегін,
Шая ма деп жүрегін,
Шашын, мұртын қойдырып,
Ащы суға тойдырып,
Бұза ма деп реңін.
Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін!..

1 пікір
  • Замана толғауы

    Жақсы менен жаманың,
    Білмеген парқын заман-ай.
    Ақыл болып білімің,
    Тәрбиесіз өскен заман-ай.
    Арсыз қатын билікте,
    Ақыл айтқан заман-ай.
    Жаулық тартқан нәзікті,
    Айыптаған заман-ай.
    Білімді болған пендені,
    Дана қылған заман-ай.
    Көтін ашқан қыздарын,
    Сұлу деген заман-ай.
    Жындылықпен өнер ғып,
    Жұлдыз болған заман-ай.
    Бір нәрседен тарықса,
    Биліктен көрген заман-ай.
    Бірлігін ұлттар қоштамай,
    Дүрліктірген заман-ай.
    Байға тимей қыздарың,
    Қараланған заман-ай.
    Бастың кетіп қадірі,
    Санаң азған заман-ай.
    Қолдан аруақ өне алмай,
    Наданданған заман-ай.
    Жалаң аяқ, дамбалмен,
    Ұрық азған заман-ай.
    Әйел жылан, ерің ит,
    Неке құрған заман-ай.
    Төсектен әйел у беріп,
    Жынысың азған заман-ай.
    Қан азған арсыз қатынды,
    Жарым деген заман-ай.
    Детсіз бала туылмай,
    Қасірет болған заман-ай.
    Жасы үлкенді сыйламай,
    Масқа айналған заман-ай.
    Әйел ерге тең көрген,
    Қулық шыққан заман-ай.
    Тілің бар, сөз түзелмей,
    Мәңгүт болған заман-ай.
    Дінсіз билік болдық деп,
    «Құдай» болмақ заман-ай.
    Асыл сөздің қадірін,
    Ғалым ұқпас заман-ай.
    Дүние байлық бақ көрген,
    Залым туған заман-ай.
    Уақыттан озып асырмақ,
    Жынды болған заман-ай.
    Шет жұтың бар өткенін,
    Болашақ қылған заман-ай.
    Дін басына залымдар,
    Елді аздырған замана-ай.
    Дәстүрің, аруақ қорлаған,
    Таңба салған заман-ай.
    Ар білімнен сұрау жоқ,
    Ата заңың болған заман-ай.
    Атадан қалған мирас жоқ,
    Ел басқартқан заман-ай.
    Сөз айтқамен ақылдан,
    Тыңдалмай тұрған заман-ай.
    Нәзіктер жаны жоғалып,
    Жәндік қылған заман-ай.
    Емдетіп дертін ақшамен,
    Мақтан қылған заман-ай.
    Кәрі орнына жас өліп,
    Тегің азған заман-ай.
    Арсыздыққа қарсы тұр алмай,
    Датың тұрған тыңдаламай
    Шарасыз болған заман-ай.
    Дәстүрін тоймен бағалап,
    Мазақ қылған заман-ай.
    Ат атап, сүйек сындырған,
    Шариғат шексіз жол болған
    Дін масһаб болған заман-ай.
    Екі күнін ұрлап ұлтыңның,
    Жоғалтын киесін рухыңның
    Тажалдық құрған заман-ай.
    Арыз айтсаң жетпейтін,
    Сөз сүйекке өтпейтін
    Билерің керең заман-ай.
    Ел билеуші төрелер,
    Парақор болған заман-ай.
    Құдайдан сынақ түскенмен,
    Аруағын көріп жалғанбай
    Қарсылық қылған заман-ай.
    Өлісін риза қылмауға,
    Артық хайыр қылмауға
    Тиым да болған заман-ай.
    Зар жылап, қайғы тұтпайтын,
    Құрбаның қаны шықпайтын
    Үй болмайтын заман-ай.
    Біртұтас адамдар лағнетін
    Пендесіне сенімсіз жүктейтін
    Арқалап кетер заман-ай.
    Заманым сенде кіна жоқ,
    Жамандықты құдай салған жоқ.
    Бергенін құдай алмайтын,
    Қазақпыз жүрген жарамай.
    ***** ****
    10 жыл бұрын