29.04.2022 3253 Ойтамшы
"Құл Раббысын сынамайды"

Ерте заманда бір тақуа момын мұсылман өмір сүріпті. Дінге беріктігінен оны шайтан тура жолдан тайдырғысы келіп, қанша тырысса да азғыра алмапты. Бір күні отын арқалап келе жатқан сәтінде шайтан алдынан шығып:

- Ей, пенде! Аллаға деген сенімің соншалықты берік болса, секірші ана жардан, көрелік, Раббың сені құтқарар ма екен? – дейді.

Сонда әлгі момын мұсылман:  

- Ей, Ібіліс! Біліп қой, құл Раббысын сынамайды! – деп, өз жөнімен кете барыпты.

0 пікір