06.05.2022 8466 Ойтамшы
ЖЫМИЮ

Жымию, бұл – қазіргі таңда көп адамның жүзінен байқала бермейтін және сиректеп бара жатқан құбылыс десек артық айтқан болмаспыз. Қазіргі адамдардың жүзінен көбіне мұң, уайым, шаршау, ертеңіне деген сенімсіздік сезіледі. Адам адамға жылы қабақпен бір нәрсе айту, бүгінгі таңда қалып бара жатқан жағдай. Ал жымию, ол - қажет нәрсе. Жымию арқылы қарсыдағы адамға көңіл қоштығын сыйлайсыз, көңілін көтересіз. Жымию арқылы арада достық пен бауырмалдық сезімі туындайды. Және ең үлкен пайдасы – жымиған адамға садақаның сауабы жазылады. Басқаша айтқанда жымиған адам садақа бергендей болмақ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадис шәрифінде жымиюдың садақа екендігін былай тілге алып кеткен:

«Дін бауырыңның жүзіне күлімсіреп қарауың - садақа» - дейді Алла елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм).

Неге? Өйткені сіздің күлімсіреген жылы жүзіңіз адамға қуаныш сыйлайды. Оның көңіл-күйін көтеріп, жанын жадыратады. Жымию арқылы өзіңіздің оған деген жақсы ниетіңізді білдірген боласыз, адамның бағасын көтерген боласыз. Мұның бәрі сауапты істер. Осынша сауапты дүние бір жымиюдің ішінде сақтаулы екен. Сол себепті Алла елшісі (с.а.у.) күлімсіреудің көптеген пайдасына ишара ете отырып, бір ауыз сөзбен «күлімсіреу – садақа» деп кеткен. Ендеше жиы жымияйық, ағайын!

"Адамның жүзіне күлімсіреп қарау да садақа!"

0 пікір