1 млн 700 мың адам аштыққа тап болуы мүмкін
1 млн 700 мың адам аштыққа тап болуы мүмкін
8 жыл бұрын 2677 khabar.kz

Бүгінгі таңда табиғаттың тосын мінезінен, қақтығыстар мен шиеленістердің ушығуынан гуманитарлық дағдарыстың белең алуын көруге болады. Сомалиде 385 мың тұрғын аса қиын жағдайда. «Егер әлемдік қауымдастық қол ұшын бермесе, тағы 1 млн 700 мың адам аштыққа тап болуы мүмкін», – дейді сарапшылар.  Ал Гаитиде тамаққа зәру 3 млн тұрғын бар. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы өңірде өз миссиясын жүзеге асыруда.  «Бұл жұмыстарды кем дегенде тағы 5 айға жалғастыру керек», – дейді.  Алайда ұйымға бұл үшін қосымша 72 миллион доллар қажет. «Әлем. 21-ғасыр» Манифесінде осы мәселеге мән берілген.  Елбасы барлық ұлттардың инфрақұрылымға, ресурстар мен нарықтарға теңдей және әділетті қолжетімділігі негізінде дамудың жаңа үрдісін қалыптастырудың маңыздылығын айтады.  Сарапшылар да жағдайды оңалту үшін алпауыт елдер қаражатты әскери шараларға емес, гуманитарлық салаға салса игі болар еді дегенді айтады.  Олег Иванов, Ресей кинематографистер Одағының төрағасы -Мемлекеттердің ауызбірлікте дамуы және әлемде бейбітшіліктің орнауы – ең үлкен құндылық. Сондықтан Елбасыларыңыздың бастамаларын қолдап, жаһандық тұрғыда жасаған үндеуіне құлақ аспауға болмайды. Қазақстан кез келген мемлекетпен диалог құруға ашық. Осы ретте Қазақ елінің бейбітшілік отаны ретінде әлемде мәртебесі мен ықпалы зор.

Тақырыпқа тұздық:

4 жастағы мәскеулік бүлдіршін Африкаға таксимен бармақ болды (видео)

4 жастағы Даниэла Гареева әкесінің «Данечка Африкаға жолға қалай жиналды» деген тақырыппен түсірген видеосы арқылы ғаламторда танымал болды. Әлеуметтік желіге жүктелген бұл видеоны екі миллиондай адам тамашалап, комментарилер жазылған. Видеодан әкесімен ұрсысып қалған Данечканың көзінен жасы сорғалап жүріп, Африкадағы балалармен бірге ашығып, сол жаққа кетуге бел байлаған. Өйткені, әке-шешесі ұрса береді. «Африкаға кетемін! Балалар аштықтың азабын тартқан жаққа. Ашыққан байғұс балалар»,- деп, жолға жинала бастаған. Әкесі мен анасы оны жек көргеннен емес, жақсы болсын деген ниетпен ұрсатындарын айтса да жұбанбайды, көнбейді. Оны Африкаға әкесі жеткізіп салуы керек. Егер әкесі мұны істемесе, онда өзі көшеден такси ұстап кетпекші.

 

0 пікір
Мұрағат