16 жыл нәр татпаған құқық қорғаушы шешімін өзгертті (видео)
16 жыл нәр татпаған құқық қорғаушы шешімін өзгертті (видео)
9 жыл бұрын 3287 24.kz, tjournal.ru

Үндістандық құқық қорғаушы Иром Шармила наразылық ретінде 16 жылға созылған аштығын тоқтатты. Ол мұндай шешімді туған қаласы Манипурдағы парламент депутаттығына үміткер атану үшін қабылдаған. Құқық қорғаушы аштықты 2000 жылы тәртіп сақшыларына қарапайым халыққа қарағанда асыра басымдық берілгеніне қарсылық білдіру үшін бастаған. Кейін оған өзіне-өзі қол жұмасақ болды деген айып тағылып, қамауға алған соң ауруханаға жатқызылады. Содан бері Шармила нәр татпаған. Сот бостандыққа шығаруға рұқсат берген соң, ол наразылық шарасын тоқтатты. Айта кетейік, Иром Шармила адам құқығын қорғау саласындағы батыл қадамы үшін бірнеше халықаралық ұйымдардан алғыс хаттар алған. 2013 жылы «Amnesty International» ұйымы оны «абақтыдағы АР тұтқыны» деп мойындады.  

 

0 пікір
Мұрағат