|
ХАРАМ МЕШІТІ – ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ҒИМАРАТ
|
Қасиетті Мекке қаласындағы Харам мешіті «Fly Abu Dhabi» порталы жариялаған рейтингте әлемдегі ең қымбат ғимарат ретінде бағаланып отыр. Құлшылық ордасының құрылысына жұмсалған жалпы сома 100 млрд долларды құрайды. 356 800 шаршы метр жерді алып жатқан қасиетті мешітте бір мезгілде 900 000 жан құлшылығын өтей алады. Алдағы уақытта Сауд Арабиясы королдігі Мекке қаласында қажыларға арналған 10 000 нөмірлік қонақ үйді тұрғызуды жоспарлап отыр. 70-ке жуық мейрамханамен жабдықталған қонақ үйдің, тіпті, тікұшақ қонатын бірнеше алаңқайы болмақ. Аталмыш рейтингтегі екінші орын Абрадж әл-Бейт ғимаратына тиесілі болып шықты. Ғимарат құрылысына 15 млрд доллар жұмсалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды