Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін
Ұрыны ауадағы «ізі» арқылы ұстауы мүмкін
1 сағат бұрын 106 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қылмыскерді экологиялық ДНҚ-сы бойынша, яғни, қоршаған ортадағы немесе ауадағы ДНҚ ізі арқылы ұстау әдісін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта Осло қаласында және Австралия аумағында арнайы жүргізілген тәжірибе барысында 391 үлгіні жинап, жаңа әдістің тиімділігін тексеріп көрді. Адам ДНҚ-сының ауадағы іздері тонау қылмысын ашуға көмектесуі мүмкін. Бұл тәсіл қылмыскердің айғақ қалдырмаған кезде қолданылуы ықтимал: тіпті, қолғап пен қорғаныш киімінде де ол ДНҚ-сы қалып қояды. Тәжірибе кезінде норвегиялық және австралиялық сарапшылар Осло мен Австралияның 22 үйінде 15 минуттық тонау қылмысын моделдеп, ауадан, шаңнан және жерден 391 экологиялық ДНҚ (eDNA) үлгісін жинады. Іздердің табылуы ортаның жағдайына - температураға, ылғалдылыққа, шаң деңгейіне және тұрғындардың ДНҚ-ның болуына да байланысты. ДНҚ оқиға орын алған жер тазартылғаннан кейін де сақталып қалады, шаңға тұтылады, сондай-ақ, ауада сақталады.

0 пікір
Мұрағат