2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
2 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяудағы бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес жаһандық жылыну қарқынына байланысты ауа температурасының көтерілуінен адамдардың, жануарлардың дене белсенділігі азаяды әрі 2050 жылға қарай қосымша жүз мыңдаған өлім-жітімге себеп болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Lancet мерзімді басылымына жөнн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік Американың бірқатар университетінің ғалымдары жаһандық жылынудың дене белсенділігі мен организмге тигізер кері әсерін зерттеу үшін 2000-2022 жылдар аралығындағы 156 елдің деректерін талдады. Зерттеушілер орташа температура 27,8 °C асқан айларда физикалық инерттіліктің жаһандық деңгейі орташа 1,44% -ға артқанын анықтады. Дене белсенділігін төмендететін шамадан тыс аптап ыстық адам денсаулығына теріс әсер етеді және 2050 жылға қарай 470-700 мың қосымша өлім-жітімге әкелуі мүмкін. Осының кесірінен адамзат жыл сайын 2,4-тен 3,68 миллиард долларға дейін еңбек өнімділігін жоғалтатынын болжап отыр.

0 пікір
Мұрағат