500 қытай азаматы Ислам дінін қабылдады (видео)
|
Сауд Арабиясының жақында марқұм болған королі Абдулла бин Абдулазизді жерлеу рәсімінен кейін 500 қытай азаматы Ислам дінін қабылдады. Бұл азаматтар Сауд Арабиясында жұмыс жасайтын қарапайым жұмысшылар болатын. Оларды корольдің қарапайым түрде жер қойнына тапсырылғаны тебіренткен еді.
Сонымен Сауд Арабиясының Жубайл қаласының шығыс жағында орналасқан өздері жұмыс жасайтын компанияның кеңсесінің алдына келіп, 500 қытайлық азамат алғаш дінді қабылдаушыларға арналған уағыз тыңдады. Ол жерде Ислам дінін қабылдау қалай жүзеге асатындығы түсіндірілді.
"Олар дыбыс күшейткіш арқылы айтылған "Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.а.у.) Оның елшісі" деген сөздерді қайталап, мұсылман болды" - дейді сол жердегі басшылардың бірі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ
■
Орта Азия елі сиқырлық пен балгерлікке қылмыстық жауапкершілік енгізді
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды