|
75 МЛН БАЛА БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН
|
Әлем бойынша қарулы қақтығыс жүріп жатқан елдерде 75 млн бала білім алу мүмкіндігінен айырылды. БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) осындай мәлімдеме жасады, деп жазады «Би-би-си».
Аталмыш мәлімдеме Стамбулда 23-24 мамыр күндері өтетін Әлемдік гуманитарлық саммит қарсаңында жарияланды. Саммит жұмысында «Білім уақыт күтпейді» қоры туралы хабарлама жасалып, әлемнің қақтығыс аймақтарындағы балаларға білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
UNICEF алдағы бес жыл ішінде 4 млрд доллар қаражат жиып, 13,6 млн балаға білім беруге бағыттауды жоспарлап отыр.
Айта кетсек, қазіргі уақытта 3-18 жас аралығындағы 462 млн бала гуманитарлық дағдарыс аймағында өмір сүреді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды