Үндістанның оңтүстігінде өте қауіпті, тіпті өлімге алып келетін Нипах вирусынан тоғыз адам көз жұмды. Аталған сырқат ми қабынуы мен ауа арқылы жұғатын ауруларды қоздырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) инфекцияны ғаламдық эпидемия туғызуы мүмкін дегенді айтты. Бұл туралы Science Alert басылымы жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
|
Адамды өлімге алып келетін өте қауіпті вирус тіркелді
|
Нипах вирусының анықталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Ол алғаш рет 1999 жылы Малайзияда ауру тараған кезде анықталды. Вирусты жарқанат тұқымдастар таратады. Австралия, Бангладеш, Үндістан, Қытай, Таиланд және Африкада кездеседі. Ол жануарларға да жұғады. Адамнан адамға сілекей арқылы өтеді. Қазіргі уақытта бұл ауруға қарсы ешқандай екпе де, дәрі де жоқ. Инфекция жұқтырғандардың 40-75 пайызы қайтыс болады.
Үндістанның Керала штатындағы Кожикод қаласында жаңа эпидемия болды. Талдау нәтижелері қайтыс болған тоғыз адамның үшеуінде Нипах вирусы болғанын көрсетті. Бұдан басқа осы инфекцияны жұқтыруы мүмкін деген тағы 25 адам ауруханаға жатқызылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)