Ресейде биылғы әлемдік футбол чемпионатына шетелдіктерді тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
Ресейде биылғы әлемдік футбол чемпионатына шетелдіктерді тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді
6 жыл бұрын 2562

Ресей Федерациясында «FIFA-2018» әлемдік футбол чемпионаты өткізілуіне байланысты 25 мамыр - 25 шілде аралығында шетелдік азаматтарды тіркеудің ерекше тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Федералды көші-қон қызметіне сілтеме жасап. 

Ерекше режим матчтар өткізілетін Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростове-на-Дону, Самара және Саранск қалаларына енгізілді.

Шетел азаматтары аталмыш қалаларға барған үш күн ішінде РФ ІІМ (көші-қон жөніндегі басқарма) аумақтық мекемелеріне немесе Мемлекеттік және муниципальдық қызмет көрсету көп салалы орталығына (МФЦ) тіркелуі тиіс. Тіркеу мерзімі ұйымдастырушы қалаға (Ресейге келген күннен емес) келген күннен басталады.

«Ресейдің басқа қалаларына кіру мерзімі бұрынғыдай бір ай ішінде атқарылады. Бару мерзімі бір айдан асатын болса, тіркелу міндетті болып табылады. Жеке шаруамен келгендер 180 күн ішінде 90 тәуліктен аспауы керек. РФ ІІМ аумақтық тіркеу органдары мен МФЦ аталмыш мерзімде күшейтілген режімде қызмет көрсетеді. (Күнделікті қабылдау, оның ішінде демалыс күндері, мерекелік күндері де жұмыс істейді). Қонақүйлер, шипажай, демалыс орындарына орналасушыларды сол мекемелердің әкімшіліктері бір тәулік ішінде тіркейді», - деп атап өтті ведомстводан.

Қалған жағдайларда РФ ІІМ аумақтық тіркеу органдары мен МФЦ үш күн ішінде тіркеу: шетел азаматы қабылдаушы тараппен бірге (жеке тұлға немесе заңды тұлға: туысы, танысы, сонымен бірге қонақүйлік қызмет көрсетуден басқа) жүргізіледі.

«Аумақтық органдарға барған кезде қажетті құжаттар: жеке тұлғаның төлқұжаты ( төлқұжат/ куәлік), миграциялық карта, шетелдік азаматтың келуі туралы өтініш жазылып және бланкі толтырылады. Тіркеу органы өз кезегінде бланкінің кесілген талонына және миграциялық картасына (мөртабан) штамп қойылады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

0 пікір
Мұрағат