|
Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді
|
South China Morning Post ақпарат көзінде жарияланған мақалаға сенсек, Қытайдың өнеркәсіп және ақпараттық технология министрлігінің пәрменімен Бейжіңдегі технологиялық институт 18 жасқа дейінгі білікті деген 31 студентті маңдайынан шертіп тұрып, арнайы төрт жылдық бағдарламаға іріктеп алған. Мақсат - адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллектінің әскери жүйесін жасау. Аталмыш бағдарламаға қатысуға 5000-нан аса студент өтініш берген екен. Олардың тек 31-і ғана сынақтан сүрінбей өткен. Қытай осылайша жасанды интеллекті технологиясын жаңа сатыға көтермек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды