Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
5 сағат бұрын 117 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Thomas Mukoya / Reuters

Африка құрлығының ең басты проблемасы – қарулы қақтығыс. Бұған бірнеше фактор ықпал етіп отыр. Тайпалық сана, ресурсқа талас, отаршылдық кезеңнің салқыны, т.б. Бұл жайында islam.kz порталы Lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған дерек көзіне сұхбат берген Ресей Федерациясы мен Беларус республикасындағы халықаралық қызыл крест комитетінің аймақтық делегациясының жетекшісі Рания Машлаб Африканы зерттеу орталығының жиынында осындай мәлімдеме жасады. «Құрлықтағы ахуал туралы айтар болса, ең басты проблема – жанжалдар» деп мәлімдеген сарапшы нақты мәлімет келтірді: Африканың батысында азық-түлік тапшылығын тартып отырған халықтың 98 пайызы қарулы қақтығыстан осындай күйге түсіп, зардабын тартып отыр. Ал шығысында бұл көрсеткіш 73 пайызды құрайды», деді ол. Африкалықтар қарулы қақтығыстан көз ашпай келеді, салдары: егістік алқаптары жойылып жатыр, ауыл шаруашылық инфрақұрылым күреуде, ауызсу тапшылығын тартып отыр, т.б.

0 пікір
Мұрағат