|
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
|
Йел медицина мектебінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары маусымдық ауру ретінде сипатталатын тұмау, суық тию немесе өткір репсираторлық вирустық инфекцияны ауруына вирустың өзі емес, организмнің жауап беру реакциясының жылдамдығы мен тиімділігі себеп болатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Press Blue мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Организмнің реакциясын егжей-тегжейлі зерттеу үшін ғалымдар зертханада мұрынның шырышты қабығының тінін өсіріп көрді. Ауа ортасын имитациялайтын жағдайда өсірілген бұл модел әдеттегі жасуша өскіндеріне қарағанда нақты организмнің жұмысын қайталайды. Риновирусты анықтағаннан кейін мұрынның шырышты жасушалары вирустың көбеюіне кедергі келтіретін ақуыздар - интерферондарды белсенді түрде өндіре бастайды. Олардың міндеті - үйлестірілген қорғанысты ұйымдастыру: олар вирус жұқтырған және көршілес жасушалардың вирусқа сезімталдығын жойып, вирустың көбеюіне тосқауыл қояды. Зерттеушілер бұл жағдайда интерферон реакциясының жылдамдығы өте маңызды екенін анықтады. Егер олар жедел жұмыс істесе, инфекция ерте кезеңде тоқтатылады және симптомдар өршімеуі мүмкін. Ғалымдар бұл тетікті жасанды түрде бұғаттағанда вирус еш кедергісіз таралып, жаппай жұғып және жасушалардың жойылуына ықпал етті. Бұл бағыттағы зерттеу, сондай-ақ, кейде ауыр симптомдардың неліктен пайда болатынын көрсетіп берді. Егер вирус бірінші кедергіні еңсере алса, басқа, «ауыр» қорғаныс жүйесі іске қосылады. Ол сілекейдің артық өндірілуіне, қатты қабынуға әкеледі және тыныс алу жолдарының қызметін қиындатуы мүмкін. Зерттеу нәтижесі тұмаумен күресте көмегін тигізе алады: вирус тез мутацияланатындықтан иммундық жасушалардың шабуылы тиімді бола бермейді, сондықтан оның орнына организмнің жеке қорғаныш тетіктерін нығайтудың маңызы зор,, атап айтқанда интерферондар реакциясының жылдамдығын күшейту анағұрлым тиімді. Келесі қадам жасушалардың басқа түрлері мен қоршаған орта факторларының осы қорғаныш реакциясына қалай әсер ететінін зерттеуге арналады.